Біздің мектеп

   Ауданымыздағы білімнің қарашаңырағы атанған мектебіміз 1924 жылы бой көтерген.

    Марта Малайдарова басшылық еткен уақытта мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің сынақ алаңына енгізілді. Жалпы мұнда оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. 

    2013 жылдан бастап 6 мұғалім Кембридж тәсілімен оқытудың жаңа бағдарламасымен білім бере бастады. Қазіргі кезде көптеген пәндер осы Кембридж тәсілімен оқытылуда.

   Қасиетті білім ордасында халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Бекежан Сүлейменов, КСРО Архитектура Академиясының корреспондент мүшесі, алғашқы қазақ сәулетшісі Төлеу Бәсенов, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Дәулет Үмбетжанов, "Тарлан" сыйлығының лауреаты Серік Ақшолақов, т.б. көптеген көрнекті дарынды тұлғалар білім алып, бүгінде егеменді еліміздің әр саласында абыройлы еңбек етуде.